Алматы облысы бойынша 680 адам екпе қабылдады
Ағымдағы жылы облыста КВИ зертханалық расталған 9781 жағдай тіркелген, оның ішінде 3976 азаматтан сырқат белгілері байқалған.
Санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиевтың айтуынша сары аймақта Талғар, Ескелді, Текелі, Талдықорған, қалалары орналасқан. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада салыстыру кезінде 0,8% – дан 0,6% — ға дейін төмендеді. Алдағы уақытта Алматы облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 11 ақпаннан бастап, мешіттерде 100 адаға дейін , яғни 30% сыйымдылықпен ұжымдық намаз өткізуге рұқсат етіледі . Сондай- ақ, жұма намазда тек ауылды жерлерде 150 адамның қатысуымен оқуға болады . Қоғамдық тамақтану орындарында 50 %-ға дейін сыйымдылықпен қызмет көрсетуге рұқсат етілген. Сонымен қатар, мемлекеттік кәсіпорындарда қызметкерлер саны 250 адамнан асқан жағдайда қызметкерлерді тасымалдау үшін, қызметтік автокөліктерді пайдалану ұсынылады және де мамандардың 50 % -ы қашықтықтан жұмыс жасайды.
«Пандемия жағдайына байланысты сары аймақта орналасқан өңірлерде жексенбі күні локдаун болады, ал сенбі күні қоғамдық орындар қалыпты түрде жұмыс істейді»,- деді спикер. Сонымен қатар, Асхат Сәкенұлы тұрғындардың коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитетін қалыптастыру үшін екпені егу жұмысы кестеге сәйкес жүріп жатқанын айта кетті.
«Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша 680 адам вакцинаны қабылдады, бұл процесс 19 ақпанға дейін жалғасады. Вакцинаны қабылдаған азаматтардың жағдайлары жақсы, шағымдары жоқ»-, деп түйіндеді.
Меруерт Ақбарова