2021 жылғы 1 қаңтардан бастап салық салынатын импорт мөлшеріне арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары енгізілді

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап салық салынатын импорт мөлшеріне арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары енгізілді
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 382-VI ҚРЗ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексінің 385-бабына өзгерістер енгізілгендігін және салық салынатын импорттың мөлшеріне арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары енгізілгендігін хабарлайды.
Салық салынатын импорттың мөлшеріне Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы ескеріле отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ, импортқа арналған қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарларды импорттау кезінде бюджетке төлеуге жататын салықтардың және кедендік төлемдердің, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының сомалары енгізіледі.
Көрсетілген өзгерістер 2021 жылғы 1 қаңтардаң бастап қолданысқа енгізілді және қазіргі уақытта «Астана-1» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылды.

Талғар-ақпарат