1 ақпаннан бастап қандай банкноттар қабылданбайтыны белгілі болды

1 ақпаннан бастап қандай банкноттар қабылданбайтыны белгілі болды

Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімінің аяқталғанын хабарлады, деп  хабарлайды ТалғарАқпарат.

Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталып қалғанын еске салады. Жеке тұлғалар үшін банкноттар тек Ұлттық Банктің филиалдарында айырбасталады. Филиалдардың мекенжайы мен байланыс құралдары Ұлттық банктің  сайтында орналасқан.
«2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ұлттық Банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады. Осыған байланысты, азаматтардан 2021 жылдың 1 ақпанына дейін көрсетілген банкноттарды ұлттық валютаның жарамды ақшаларына айырбастап алу үшін жақын жердегі филиалға хабарласуды сұраймыз», — деп хабарлады Ұлттық банк.
Егер сізде қосымша сұрақтар туындап жатса, Ұлттық Банктің 1477 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласып, жауап алуға болады.

Талғар-ақпарат