Алматы облысында індеттің қарқыны 1,1% құрайды

Алматы облысында індеттің қарқыны 1,1% құрайды

ҚР эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы «сары» аймақта. 2021 жылдың 20 қантарына сәйкес коронавирустық инфекцияның 8376 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 3325 белгілері бар, деп хабарлайды «Jetisy Media». 

Бүгінгі күні, Облыстық көрсеткіштің артуы Текелі, Талдықорған, Қапшағай қалаларында және Көксу, Қаратал, Ескелді, Ақсу аудандарында байқалады.
«Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада салыстыру кезінде 0,8% — дан 1,0% — ға дейін  ұлғайды. Коронавирустық инфекцияның R саны 1,19, ал Республика бойынша 1,14 құрады, облыстар арасындағы сегізінші орында тұр. Соңғы тәулікте КВИ-дің 92 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны -1,1%»,- дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшының орынбасары Асхат Чарапиев.
2021 жылғы 21 қаңтардан бастап мынадай шектеу шараларын енгізу жоспарлануда:
1.Елді мекендер ішіндегі қоғамдық көліктің жұмыс кестесін сағат 23-00 дейін ұзарта отырып, сондай-ақ жолаушыларды отырғызу/шығару кезінде барлық есіктердің ашылуын қамтамасыз ету, қарбалас сағаттар да автобустар санын көбейту;
2.Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың), 300 км-ден аспайтын қозғалысына рұқсат етіледі;
3.Діни объектілердің (мешіт, қасиетті орындар және шіркеу) қызметіне ұжымдық іс-шаралар өткізбей, жеке бару үшін рұқсат етіледі;
4.Жексенбі күндері жабық базарлардың (азық-түлік және азық-түлік емес) қызметіне тыйым салынады;
5.Жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесі бар сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда объектілерінің қызметіне, жексенбі күндері қызметке тыйым салынады;
6.Моншалар, сауналар, СПА орталықтарының жұмыс істеуіне алдын ала жазылу бойынша, 50%-дан аспайтын толтырумен, жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесі мен рұқсат етіледі. Жексенбі күндері сауналар, СПА орталықтары мен бассейндерге жұмыс істеуіне тыйым салынады;
7.Театрлар мен кинотеатрлардың залдар толтырылуының 20% аспайтын жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Талғар-ақпарат