Спорт — денсаулық кепілі. Жеңіс сау ұлт жарқын болашақтың негізгі боларын ескерсек, аймақтағы денешынықтыру саласының дамуына басым назар аударылуы заңдылық. Алматы облысысы әкімі Амандық Баталов кәсіби спортпен айналысуды бір кісідей қолдауда. Оған дәлел, Жетісу жерінде 2020 жылы 11 дене шынықтыру спорт кешендерінің бой көтеруі. Негізінен өңірде жалпы алғанда 3702 спорт құрылымдары жұмыс жасайды, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңы.
«2020-2021 жылы 6 спорт құрлымдарының құрлыс жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 ДШСК-нің Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы, Алакөл ауданы Достық кентінде құрлыстары, жергілікті бюджеттен 2 ДШСК Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Райымбек ауданы Нарынқол ауылы және мемлекеттік жекешелік әріптестігі желісі бойынша Талдықорган қаласындағы орталық жүзу бассейні»,- деп айтты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев.
Ағымдағы жылы Қапшағай қаласында зәулім спорт кешенінің ірге тасы қаланады деп жоспарланған. Сондай-ақ, Талдықорған қаласында көгалдағы хоккейге арналған жабық спорт залы және көркем гимнастика мен скаладромға арналған спорт кешені құрылыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасына конкурс жарияланған.
Басқарма басшысының айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста спортпен жүйелі түрде 651513 адам шұғылданған екен, бұл дене шынықтыру және спортпен айналысатын облыс халқының 31,5 пайызын құрайды.
Былтырғы жыл өңірдің спорт кеңістігі үшін жемісті болды. Олай деуге негізде жоқ емес. Мәселен, 2020 жылы онлайн форматта өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында Аблай Әуелханов алтын, Ыбырай Гүлнұр қола медальдарды мойындарына тақса, Велосипед спортынан өткен Азия чемпионатында Денис Сергиенко күміс және Дамир Тұрсынқали қола медальдарды иеленген. Осы сынды, алтыннан алқа тағып, ұлт мерейін асқақтатқан ұландар жетерлік. Жылда қанжығадары еншісіз қалмайтын кіл мықтылар, биылда сол межені бағындырмақ. Облыстың арғымақтары республикалық додаларда топ жаруға үмітті.
Ағымдағы жылы, 13-19 қаңтар аралығында Талғар жерінде биатлоннан сайыс өтсе, дзюдодан жасөспірімдер арасында «Қысқы демалыс» күндеріне арналған республикалық турнир 21-25 қаңтар күндері облыс орталығында бастау алады. Сонымен қатар, волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ҚР Чемпионатының IV кіші туры. 06-08 наурыз аралығында Талдықорғанда өтеді деп күтілуде. «Саят» ұлттық спорт түрлерінен «Сонар-2020» республикалық турниріде жалғасын тауып, 03-06 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданында ұйымдастырылмақ. Тұлпардың тұяқтысы ғана шыдас беретін дүбірлі додалар жыл бойы өткізілмек.
Жағымды жаңалықтың легі толастар емес, үстіміздегі жылы Токио қаласында өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына қазіргі таңда Алматы облысының споршылары грек–рим күресінен, садақ атудан, жеңіл атлетикадан, велосипед спортынан және ауыр атлетикадан 8 жолдама ұтып алғанын атап өткен жөн.
Өткен кезеңде облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 292 алтын, 258 күміс және 303 қола, жалпы саны 853 медальді қоржынға салған болатын.
Аталған көрсеткіштерді жақсарту және жоғары жетістіктерге жету бойынша жұмыс жалғасатын болады деп түйіндеді басқарма басшысы.
Талғар-ақпарат