Алматы облысында 1053 сайлау учаскесі жұмыс жасайды

Алматы облысында 1053 сайлау учаскесі жұмыс жасайды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Соған орай сайлау комиссиясыда жұмысын пысықтауда, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңы.

 Алматы облысы бойынша бүгінгі таңда 1053 сайлау учаскесі бар,оның 21-і аймақтық сайлау комиссиясына тиесілі. 50 сайлау учаскесі  уақытша болу орындарында орналасқан. Нақтыласақ, 36 – әскери бөлімдер мен шекара заставаларында, 13 – денсаулық сақтаунысандары мен 1 – интернат-үйінде орын алған.
«Дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде короновирустық инфекцияның таралуының алдын-алу бойынша ПЦР әдісімен COVID-19 зертханалық зерттеудің оң нәтижесі бар сайлау комиссияларының мүшелері сайлау учаскесіне жіберілмейді. Осыған байланысты учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері ауырған жағдайда оларды ауыстыра алатын әрбір сайлау учаскесіне 2 адамнан, барлығы – 2040 адам (резервтік) адамдардың тізімдері қалыптастырылды»,- Алматы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Еркінайұлы.
Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауды өткізу тақырыбына аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының 7636 мүшесі арнайы оқудан өтті.  Оқыту барысында сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлау заңнамасының нормалары, сондай-ақ дауыс беруді өткізу барысында туындауы мүмкін ерекше жағдайлар бойынша ахуалдық кейстер және оларды шешу жолдары айтылды. Оқу соңында барлық қатысушылар арнайы тестілеуден өтіп, сертификаттарға ие болды.
 Алдағы сайлауға  барлығы 909 кандидаттың 82 партиялық тізімі тіркелген.  «NurOtan» партиясынан — 708 кандидат, «Ауыл» — 80, «Адал» — 56, «Ақжол» — 39, «Қазақстанның халық партиясы» – 26 кандидат өз бақтарын сынауда.
Алдын ала деректер бойынша сайлау күні сайлаушылардың саны шектеулі болмақ. 50 сайлау учаскесінде шамамен 7,3 мың адамды  құрайды. Осылайша, дауыс беру күні сайлаушылардың күтілетін саны — 1 400 038 адам құрамақ.
Сайлауға санаулы күн қалды. Қазіргі кезде бюллеттеньдерді жеткізу жұмысы бастау алған.  Арнайы дауыс беру парағы ағымдағы жылдың 8-9 қаңтар аралығында сайлау учаскелеріне жеткізіледі.
Сайлау комиссиясы мен кандидаттар алдағы сайлауға сақадай сай. Ендігі кезек сайлаушыларда. Айтпақшы,өзіңіздің сайлаушылар тізімінде бар не месе жоқ екеніңізді анықтау үшін облыс әкімдігінің сайтында «Сайлаушылар тізімінде бар-жоғын тексеріңіз» сервисі арқылы білуге болады. Онда ЖСН енгізі арқылы майлаушылар тізімінде бар немес жоқ екеніңізді нақытлай аласыз. Сайлау маңызды күн. Шешуші сәттен тыс қалма!
Талғар-ақпарат