Боксшылар жүлдемен оралды

Боксшылар жүлдемен оралды

Желтоқсан айының 4-6 күндері Алматы қаласы «Өжет» ауылындағы «Қуат» спорт клубында 2005-2006 және 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында ашық турнир болып өтті.

Бұл жарысқа Талғар спортының ардагері Қуаныш Қаражанов және оның шәкірттері, «Алан» спорт клубының жаттықтырушысы Мирас Арықбаев пен 1999 жылғы бокстан Қазақстан чемпионы Ілияс Мамбетрзаевтар жас талапкерлерді апарып қосқан еді. Міне, осы турнирде 70 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен №3 орта мектептің оқушысы Азамат Құсайынов екі қарсыласын да «нокаутқа» жіберіп, «чемпион» атанса, №34 мектептің оқушысы Дәулет Құрмантай өз салмағында күміс жүлдені мойнына ілді. Ал, 2005-2006 жылы туған боксшылардың бәсекесінде 44 келі салмақта ринг үстіне шыққан №38 орта мектептің спортшысы Қасымбек Ерқанат пен 60 келі салмақта күш сынасқан №2 орта мектептің боксшысы Төрехан Бекзаттар барлық қарсыластарын айқын жеңіп, турнир жеңімпаздары атанды. Бір айта кетерлігі, «Алан» спорт клубының бапкері Мирас Арықбаевтың 5 шәкірті де осы турнирден жүлделі оралды. Ілияс Мәмбетрзаев пен Мирас Арықбаевтар тарлан спортшы Қуаныш Қаражановтың шәкірттері. Қазір екеуі де шәкірт дайындап жүр. Жетпістің төріне шықса да әлі тұғырдан таймаған Қуаныш Қаражановтың боксшылары бұл турнирден үлкен олжамен оралды.

Тұрсынбек Жалғасбаев,
«Талғар»