Бұл жөнінде Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
«Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастығы» қоғамдық қоры 10 жыл ішінде 50 — ден астам әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырып, өз аймағына 515 миллион 183 мың 553 теңгеге инвестиция тартты. Сонымен қатар, 996 ауыл тұрғындарын қайта даярлау оқудан өткізіп, 552 адам бизнес жоспарлауды, жобалауды үйренді.
«Біздің қордың мақсаты бұл ауылдық жерлердегі азаматтарды бизнес саласына тарта отырып, олардың қабілеттерін сауда саласында ашу, жан-жақты қолдау, отандық өнімдерді халыққа дұрыс әрі сапалы етіп жеткізу, «Қазақстанда жасалған» деген брендтті қалыптастыру және халықтың тек табиғи әрі денсаулыққа пайдалы өнімдермен тұтынуды ұйымдастыру. Осы арқылы ауылдың да аграрлық-өнеркәсібін көтеріп, бір жағынан ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын сәл де болса көтеру», — деді Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті Қауымдастық қорының директоры Бақыткүл Казезбайқызы.
Шелек ауылында қазіргі таңда Агробизнес Орталығы қызмет атқаруда. Орталықта тегін негізінде жеміс-жидектерді өсіру агротехнологиялар туралы, шаруа қожалықтарының маркетингі жөнінде, компьютерлік сауаттылықты арттыру және бухгалтерлік есептер курстары бар. Осымен бірге «Шелек Фермерлері» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі қызмет атқаруда.