Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға alatau-zhuldyzy.kz сайтында интернет-алаң ұсыну шарттары

Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға alatau-zhuldyzy.kz сайтында интернет-алаң ұсыну шарттары

Сайт жазбаша өтініш негізінде Сайт иесі мен Кандидат немесе саяси партияның уәкілетті өкілімен жасалған келісім негізінде интернет-алаңын ұсынады.

«Талғар газеті» ЖШС-ның www. alatau-zhuldyzy.kz сайтында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға интернет-алаңын ұсынудың жалпы шарттары:
«Талғар газеті» ЖШС – интернет-басылым ретінде тіркелген  www.alatau-zhuldyzy.kz сайтының иесі (бұдан әрі – Сайт) Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 21 қазандағы №439 «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, тіркелген кандидаттарға хабарлайды:
  • 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезекті сайлауына қатысатын партиялық тізімдер бойынша кандидаттар;
  • 2021 жылдың 11 қаңтарына белгіленген кезекті сайлауға қатысатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар, төлем мөлшері, сайтта сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт-насихат материалдары) орналастыру шарттары мен тәртібі туралы.
Сайлауалдын үгіт жұмыстары депутаттыққа кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталған сәттен басталады және сайлау күні алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат нөлде аяқталады, осылайша сайтта үгіт материалдарын орналастыру:
  • партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар үшін 2020 жылғы 26 желтоқсанда сағат 18.00-ден (Нұр-Сұлтан уақытымен) кейін 2021 жылғы 9 қаңтарда сағат 00.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша);
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар үшін 2020 жылғы 26 желтоқсанда сағат 18.00-ден (Нұр-Сұлтан уақытымен) кейін 2021 жылғы 10 қаңтарда сағат 00.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша).
Сайт жазбаша негізінде пен Сайт иесі мен Кандидат немесе саяси партияның уәкілетті өкілімен жасалған келісім негізінде интернет алаңын ұсынады.
Орналастырылатын үгіт материалдарының саны мен уақыты Кандитаттың немесе саяси партияның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар келісімшартта көрсетіледі.
Өтініш кезек-кезек ретімен және әрбір жазбаша өтініштің қабылданған күнін көрсету арқылы Кандидаттар өтініштерін тіркеу журналында тіркеледі.
Жазбаша өтінішке келесі құжаттар қоса тіркелуі керек:
1) кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш берген адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
4) Орталық немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясының партиялық тізімді тіркеу туралы шешімінің көшірмесі.
Үгіт материалдары «Қазақстан Республикасының 2021 жылғы Парламент сайлауы» деген жазбаша белгімен орналастырылады. Барлық үгіт материалдары қаржыландыру көзі және материалды ұсынған адамның аты-жөні туралы ақпаратпен қоса беріледі.
Үгіт-насихат материалдары сайтқа орналастыру күнінен 1 (бір) күнтізбелік күн бұрын кешіктірілмей, HTML5, GIF, JPEG, PNG, Microsoft World форматында ұсынылады.
Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін жеке жауапкершілік алады.
Егер материалда конституциялық құрылымды күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және кландық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа шақыру, заңдарда қарастырылмаған әскери құрылымдар құру идеялары болса, сондай-ақ, материалда басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер болса, Сайт иесі үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Кандидат Сайт иесінің талабы бойынша материалдарда көрсетілген сипаттағы мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-сайтты ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес реттелуі мүмкін.
Материалдарды орналастыру құны:
*1. «Бас тақырып» айдарында ақпараттық хабарлама орналастыру (көлемі 2500 символдан аспайтын, сөз арасындағы бос орындар мен 1-5 фотоны қосқанда) – 150 000 тенге, ҚҚС-ны есептемегенде;
*2. Ақпараттық хабарламаны басты беттен бөлек айдарға орналастыру (көлемі 3000 символдан аспайтын, сөз арасындағы бос орындар мен 1-5 фотоны қосқанда) – 120 000 тенге, ҚҚС-ны есептемегенде.
*3. Instagram әлеуметтік желісіндегі пост – 15 000 тенге, бір пост үшін, ҚҚС-ны есептемегенде;
*4. Facebook әлеуметтік желісіндегі пост – 5 000 тенге, бір пост үшін, ҚҚС-ны есептемегенде;
* Жарияланымдар құны ҚҚС-мен қоса есептеледі, өйткені «Талғар газеті» ЖШС Салық кодексі нормаларына сәйкес ҚҚС төлемейді.
Жариялау үшін қабылданатын материалдарға қойылатын техникалық талаптар:
*Әлеуметтік желіге жарияланатын постқа қойылатын талап
  • Сурет форматы: JPEG, PNG
  • Facebook, Instagram постарының көлемі – 200-ден 2500 символға дейін бос орындарды қоса есептегенде
  • Барлық әлеуметтік желілер үшін фото көлемі – 1080х1080рх (квадрат) немесе 1024х512рх (көлденең)
  • Facebook-те белсенді сілтеме қою
  • Instagram-да сілтеме белсенді емес
  • Видео форматы: MP4, MOV
  • Видеоның рұқсатты көлемі – 1280х720рх
  • Видео көлемі – 2 ГБ дейін
  • Facebook-тегі видеоның ұзақтығы – 2 минутқа дейін
  • Instagram-дағы видеоның ұзақтығы – 1 минутқа дейін
  • Авторлық құқығы жоқ музыканы пайдалану міндетті
Instagram Stories техникалық талаптары
  • Сурет форматы: JPEG, PNG
  • Видео форматы: MP4, MOV
  • Суреттің немесе видеоның рұқсатты көлемі – кемінде 720х1280рх
  • Ұзақтығы – 15 секунд
  • Видео көлемі – 2 ГБ дейін
  • Сурет форматы: JPEG, PNG
  • Пост ұзақтығы – 1 024 символ, бос орындарды қосқанда
  • Суреттің ені – 1280рх кем емес
PR материалдарға қойылатын талап:
  • Барлық жарнамалық материалдар www.alatau-zhuldyzy.kz интерент ресурсының жалпы талаптарына сәйкес келуі керек
  • Сайт редакциясы себебін түсіндірместен материалды жарияламауға құқылы
  • Материалдың тақырыбы мен аннотациясы www.alatau-zhuldyzy.kz сайтының жарияланымдар форматына сәйкес келуі керек
  • Тақырып бос орындарды қоса есептегенде 90 символдан аспауы керек;
  • Аннотация бос орындарды қоса есептегенде 200 символдан аспауы керек;
  • Сайт редакциясы өз қалауынша тақырыпты немесе аннотацияны өзгертуге, толықтыруға құқылы;
  • Материалдарға кем дегенде бір фото салынуы керек (көлденең фото 1280х720рх);
  • Мақалаға салынатын фотолардың шектеулі саны – 5 фото;
  • Сурет сапасы нашар болса, жарияланбайды
  • Материалға сурет ұсынылмаса, редакция өз қалауынша материал тақырыбына сәйкес келетін фото салуға құқылы;
  • Материалдың мағынасына сай байланысы бар 5 гиперсілтеме салуға рұқсат етіледі;
  • Материалдың мағынасына сай байланысы бар, хронометражы 3 минуттан аспайтын 1 видео ролик жариялауға болады;
Жазбаша өтінімдерді сайт иесі 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, талғар ауданы, талғар қаласы. Рысқұлов  көшесі 73 мекен-жайы бойынша таңғы 10:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.
Факс және интернет арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.

Талғар-ақпарат