«Адал» партиясы сайлауалды бағдарламасымен Жетісуға келді
Елімізде мәжіліс және мәслихат сайлауына 5 партия бағын сынап жатыр. Соның ішінде «Адал» партиясы да бар, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңы.
Әділеттілік пен бірлікті, батылдық пен кепілдікті басшылыққа алған сенімді қоғам қалыптастыруды көздеген партия мәжіліс депутатығына 20 үміткерді ұсынып отыр. Олардың қатарында қаламы қарымды журналист Мақсат Толықбай, елдің байрағын халықаралық аренада көтерген спортшы Ардақ Назаров, «Баспанаға бағыт» деп әр қазақтың үйлі болуына бағдар беріп жүрген блогер Дәулет Мұқаев, Қазақстанның қой шаруашылығы қауымдастығының жетекшісі Алмасбек Садырбаев сынды белсенділер бар.
Депутаттыққа үміткер азаматтардың жас шамасы 27 мен 41-ді құрайды. Оларды біріктірген ортақ мақсат. Баршашы алты алшатың жай-күйінің жақсаруын қалайды.
Сондықтан да, сайлауалды бағдарламаларына базыналы елдің басты мәселелерінің шешу жолын қосқан. Қоғам белсенділерінің мінберге шығып, дабыл қағып айтып жатқан кемшіл тұстарды қарашаның өзі «сүт бетіне шыққан қаймақтай» сүзіп айтып берсе керек. Саяси дода да топ жарамыз деген жандар әуелден іштей тон пішпей, көптің өзінен сұрап — білгенді жөн көрген. Сол себепті, арнайы әлеуметтік сауалнама жасап, ел ішіндегі түйіткілдің түйінін шешпекке білек сыбана кірісіпті. Олар анықтаған барлық мәселе өздері құраған adalpartiyasy.kz сайтында жік-жікке бөліп, топтастырылған.
Әлі күнге шешімі табылмаған күрмеудің бірі баспана бабы екені айдан анық. Бар қазаққа блогер ретінде танылған Дәулет Мұқаев жүрісінен жаңылмай осы бағытта келесідей істерді қолға алмаққа бекінген. Ол, әуелі отбасындағы бала санына байланысты ипотеканың пайызын азайту керек дегенді алға тартып отыр.Онысы ұлан-ғайыр атырапта қазақ баласы боспасын дегені ғой.
««Үйі жоқтың, күйі жоқ» деген сөз бар. Осыны ұмытпауымыз керек. Еліміз дамысын, көбейсін десек халыққа жағдай жасалынуы тиіс. Ол неден басталады, әрине үй мәселесінен. Пәтерден пәтерге көшіп жүрген адамның дамуға қандай қауқары болсын»,-дейді блогер, Дәулет Мұқаев.
Дәулет мырза кездесу барысында үйге қолжеткізу үшін жастардың түрлі айлаларға барып жатқанын ашып айтты. Онысы, қағаз жүзінде ажырасу.
«Біздің елде пәтер аламыз деп көбі өтірік ажырасады. Осыны дұрыстап зерттеу керек. Салдарынан шын мұқтаждар үй ала алмай қалады. Сайлаудан өтсем бұны нақытлауға кірісем»,- деді блогер.
Баспанадан бөлек, жалақы міселесі де тілге тиек етілді. Бұл тұрғысында ұлттық арнада «ашақ алаң» жобасында бүкпесіз ақпар беретін журналист, Мақсат Толықбай айта өтті. Ол еліміздегі күнкөріс деңгейін арттыру қажет деген ойда. « Ұстаздардың жалақысы аз деп сан жылдар бойы ел-жұрт болып биліктегілерге сөзімізді жеткіздік. Нәтижесінде биыл мұғалімдер қауымының айлығы өсіп, беті бері қарады. Ендігі де медицина саласының манадарының жайы тұр. Оларда мардымсыз жалақыға күн көруге мәжбүр. Медбикелер 70-80 мың алады. Осы межені 200 мың теңгеге дейін көтеру қажет»,-деген көзқарасын білдірді.
Халықтың мәселесін шешуден бөлек, бұқараны заңды тұрғыда сауатты болуға да шақыруда. Өте дұрыс. Сауатты ел ғана сан биікке жетеді. Сол себепті кандидаттар сапалы білімге де назар аударып отыр.
Одан өзге, елге пайдасы тиер деген оймен әр аймаққтың тұрмыс-тіршілігіне сай бизнес жоспарларды ресми сайттарына екі тілде енгізіп қойған. Және де өңірдегі мәселлер мен жұмыссыздықты азайтуды нысанаға алған. Ендігісі ел болып бірігіп, бірлесе еңбек ету қалды дейді парияшылар.
Талғар-ақпарат