Бұқараны қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізінде іске асуда. Базыналы елдің заңды тұрғыда сауатты болуы тек жеке басқа қатысты емес. Азаттығын алған, жеке дара мемлекет үшін ондағы тұратын халықтың да жан-жақты білімді болуы аса маңызды. Осы ретте Алматы облысының орталығы, Талдықорған қаласында «Жанұя» орталығының жұмыс жасайтынын атап өткен жөн.
Аталмыш орталықтың жұмысын жандандыруға «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесі» қолдау көрсетіп отыр. «Жанұяның» негізгі мақсаты аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға жәрдем көрсету. Орталық барлық қызметті «бір терезе» қағидаты бойынша ұсынады.
Білікті мамандар мұқтаж жандарға мемлекет тарапынан ұсынылып отырған арнайы әлеуметтік бағдарламалардың шарапатын көрудің жолдарын көрсетіп, бағыт береді. Осы арқылы олар Талдықорған қаласында тұратын әлеуметтік осал отбасылардың өмір сүру сапасын арттырып, экономикалық дербестікті жақсартып және азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жеке уәждемесін нығайтпақ. Бүгінгі таңда орталықта көпбалалы аналарға арналған аспаздық, визаж, массаж, тәтті даярлау, тігін курстары жүргізілсе, балалар үшін ағылшын тілі курстарының есігі ашық.
Дәл осындай пайдалы қызметке қол жеткізудің жолдарын Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі 222 мекен-жайынан білуге болады. Сіз алмайтын қамал жоқ! Жақсылықтан қапы қалмаңыз.
«JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңы