Бүгін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық қағидаларын жетілдіру» тақырыбында облысымыздың мемлекеттік қызметшілеріне арналған онлайн түсіндіру тренингін өткізілді.
Атап айтсақ, Transparency International ұйымы – жемқорлықпен күресуге және оның әлем бойынша деңгейін анықтауға бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйым.
Жалпы, ZOOM форматында өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі мақсаттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құру арқылы бүкіл қоғамды жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және оның елдегі деңгейін төмендету анықталған болатын.
Онлайн тренингте спикерлер ретінде — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары – Ж.Жұмабаев және «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорының атқарушы директоры О.Шиян қатысуымен өткізілді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Жұмабаев өз сөзінде жалпы облыс бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті. Сондай-ақ, Департамент тарапынан облыс көлемінде іске асырылып жатқан жобалар туралы жеке айтып кетті.
Өз кезегінде, «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорының атқарушы директоры О. Шиян айтуынша, ауылдық бюджеттерге жасалған зерттеулерге сәйкес, бюджеттерді алдына ала талқылаудың жолға қойылған тетіктерінің өзара жоқтығы негізінде, бюджеттер нақты қажеттіліктерге, жергілікті қоғамдастықтардың мәселелерін шешуді есепке алмай қабылданады. Сондай –ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұрғысында мемлекет пен азаматтық қоғамның мақсаттары мен серіктестік қатынастарының бірлігі туралы мәлімдеді.
Жалпы, Transparency International Kazakhstan хабарламасына сүйенсек, «ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рейтингі сарапшылары елде аталған бағытта жағымды өзгерістер байқалатынын атап өтіпті. Бизнес жетекшілері арасында жүргізілген ғаламдық сауалнама нәтижесі де осыны көрсетеді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Алматы облысы бойынша департаментінің
Превенция және парасаттылық басқармасы