Ауданда аталған мемлекеттік бағдарлама аясында 50-ге жуық жоба қолға алынып, оның 39-ы аяқталған. Соның арқасында аудандағы көптеген мәселелер де шешімін табуда. Бұл туралы баспасөз-мәслихаты барысында Кеген ауданының әкімі Талғат Баеділов айтты, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңы.
«Халықты жұмыспен қамту мәселелерін жедел шешу мақсатында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған» Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020 » бағдарламасы арқасында ауданымыздың 432 тұрғыны жұмысқа орналастырылды. Көптеген жұмыссыздар жұмыс орындарын тапты, бұл өте қуанышты жайт»,- дейді Талғат Баеділов.
Айта кетейік, қалған 10 жобаның 4-і жыл соңына дейін аяқталады. Ал 6 жоба келесі жылы мәресіне жетеді. Қазіргі уақытта жұмыс көлемі 80% құрап отыр.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында ауданда үш мектеп, балабақша, екі мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, сумен жабдықтау желілері қалпына келтірілді. Сондай-ақ 5 ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілді.
Талғар-ақпарат