Ауданда жол карта аясында 10 жоба жүзеге асуда. Оларға жалпы құны 619,065 млн. Тенге. Бұл туралы көшпелі брифинг барысында аудан әкімі Талғат Қайнарбеков мәлімдеді, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңы.
Бүгінгі таңда аудан орталығындағы 9 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру, ретке келтіру көзделген. Құрылыс жұмыстарына бөлінген қаржы — 210,000 млн.тенгені құрайды.
Айта кетсек, қазіргі таңда шаруалар 85 пайызға аяқталды. Нысандарда 53 адам еңбек етіп жатыр. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 24 тұрғын тартылғна. Жоспар бойынша жаңартылған аулалар қарашаның соңында ел игілігіне беріледі.
-Бұрындары бұл үйлерге қарасаң ұсқынсыз, ескі болатын. Ал, қазір басқаша. Толықтай жаңартылған, тас төселіп жасалды. Балалар ойнаса да, тұрғындар тынығып демалса да ыңғайлы. Ендігі жоспар тұрғын үйлердің сыртын, қабырғаларын жаңалау. Мұнымен қоса жас мамандарды баспанамен қамту ісі де қазіргі маңызды міндетте тұр. Осы күнге дейін 30 пәтер берілді-деді аудан әкімінің орынбасары Жомарт Мыңбаев.
Талғар-ақпарат