Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сарапшылар саны артады
Ағымдағы жылы 2 қарашада НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың үйлестірушісі ретінде конкурстық рәсімдердің қорытындылары бойынша айқындалған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті НҚА жобаларын қабылдау бойынша жұмысты бастады.
Алғашқы 3 күнде әзірлеуші органдардан 320-дан астам НҚА жобалары келіп түсті.
Осыған байланысты, НҚА жобаларына уақтылы және сапалы қорытындыларды дайындау үшін Үйлестіруші мынадай кезеңдерді қамтитын сарапшыларды қайта конкурстық іріктеуді бастады:
1) құжаттарды қабылдау (5 жұмыс күні, ағымдығы жылы 9-13 қараша аралығында);
2) конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын белгіленген критерийлерге сәйкестігін қарау (2 жұмыс күні, 16-18 қараша аралығында);
3) кандидаттарды онлайн-тестілеуді өткізу (1 сағат ішінде — 23 қарашада өткізіледі);
4) сарапшылар тізіліміне енгізу үшін кандидаттармен әңгімелесу (3 жұмыс күні ішінде, ағымдағы жылы 30 қарашаға дейін).
Жалпы, іріктеудің барлық кезеңдеріне 16 жұмыс күні беріледі.
Құрамында университет қызметкерлері, Қоғамдық кеңес, арнайы мониторингтік топ, «Солтүстік-Қазақстандық медиа-орталығы» ҚҚ мен Агенттіктің өкілдері бар конкурстық комиссия іріктеу процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді.
Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен үміткерлер сарапшылар тізіліміне енгізіл, ағымдағы жылдың 2 желтоқсанынан бастап сараптама жүргізуге жіберіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Алматы облысы бойынша департаменті