Ұйғыр ауданындағы Сүмбе орта мектебі шағын жинақталған мектептердің мәселесін шешіп бермек

Ұйғыр ауданындағы Сүмбе орта мектебі шағын жинақталған мектептердің мәселесін шешіп бермек

Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылындағы орта мектеп пайдалануға 1979жылы берілген. Білім ордасы   1176 оқушыға арналған. Өткен жылы білім ошағына күрделі жөндеу жасау үшін маусым айында «ГуннСтрой» ЖШС мен келісімшарт жасалған болатын. Жобаның іске асыуы екі жылға жоспарланған. Бүгінгі күні мектепті жаңарту жұмыстары жасалды. Бұл шаруаларға 777 548 944 млн. тенге қаржы жұмсалып отыр, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA»  ақпараттық алаңы.

«Сүмбе орта мектебінде  363 оқушы білім алса, 56 мұғалім штатта қызмет етеді. Қазіргі індет жағдайына байланысты мектепте 2 кезекші сыныптарда 30 бала екі ауысыммен оқытылуда»,– дейді мектеп  директорының орынбасары Ардақ Қарасақова.
 Мұнымен қоса Сүмбе ауылдық округінде 2 шағын жинақталған білім ошағы бар. Бұл 140 оқушысы бар Бірлік-Сүмбе орта мектебі, және 50 бала оқитын Жаңасай негізгі мектебі. Бұл мектептердің ғимараты асхана және спортзалмен қамтамасыз етілмеген, мүмкіндік жоқ.
«Сүмбе орта мектебіне жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын толық аяқталған соң, алдағы уақытта аталған шағын жинақталған мектептердің білім алушыларын кең әрі жарық сыныптарда, заманауи асханасы және спортзалы бар мектепте білім алулары үшін тасымалдау ұйымдастырып осы мектепте оқыту жоспраланып отыр. Тасымалдау ұйымдастыру үшін 3 автобус алуға бюджеттік тапсырыс берілді»,– деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары Қадыржан Бағбаев.
Жалпы, 2020-2021 оқу жылы 1925 мұғаліммен және 12048 оқушымен басталды. Биылғы оқу жылына 33 жас маман жұмысқа қабылданды. Жаңа оқу жылында 10592 оқушы  қашықтықтан, 723 оқушы теледидармен және 733 бала кезекші сыныптарда білім алуда. Қашықтықтан оқыту үшін компьютерлік техникамен қамтылуы бойынша 12048 оқушының 7020 балада компьютерлік техника бар. Мұғалімдер компьютерлік техникамен 100 % қамтылған.
 Аз қамтылған отбасы балаларына мектеп есебіндегі компьютерлер уақытша пайдалануға таратылып берілді. Бүгінгі күнге 740 ноутбук сатып алынды, 833 компьютер сатып алуға тапсырыс берілді.
Талғар-ақпарат