Халықаралық Зияткерлікті Дамыту Институты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің көмегімен а.ж. 31 қазанында Талдықорған қаласындағы «ЕРЛІК» тірек мүгедектері қоғамдық бірлестігінің басшысы Роза Қажы-Ахметқызы Ақжаркеноваға электрондық басқарылатын заманауи бесік арбаны табыс етті.
Роза Қажы-Ахметқызы мүмкіндіктері шектеулі болғанына қарамастан Алматы облысының белсенді тұрғыны. Оның жеке үлесінің арқасында облыстың көптеген проблемалық мәселелері оң шешімін тапты.
Сондай-ақ, белсенді Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы Арнайы мониторингтік топтың мүшесі болып табылады.
Роза Ақжаркеноваға арналған заманауи арбаның қажеттілігін назарға ала отырып, Антикор азаматтық қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс ретінде өзінің Корей әріптестері ұсынған электронды арбаны табыс етті.
Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Халықаралық Зияткерлікті Дамыту институтының басшысы, Корея Республикасының жергілікті өзін – өзі басқарудың лауазымды тұлғаларына арналған оқытудың инновациялық бағдарламаларын әзірлеуші, «Tomorrow» MIND-журналының халықаралық журналисі, профессор Джо ГЮ Юн мырзаға зор алғысын білдіреді.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Алматы облысы бойынша департаменті