Алакөл ауданында «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты өз жалғасын табуда, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA».
Кезекті баспасөз-мәслихаты Үшбұлақ ауылдық округінің әкімі Кәрімов Нұрлан Серікұлымен «Үшбұлақ ауылдық округінің 9 айлық көрсеткіштері» тақырыбында өткізілді.
Округтегі жалпы ауылшаруашылық жер көлемі 33109 га құрайды.
Оның ішінде егістік жер көлемі — 1570 га, шабындық жер көлемі — 2482 га. Округте егіс және мал шаруашылығымен 20 шаруа қожалығы және «Үшбұлақ ауылдық өндірістік кооперативі» айналысады.
2020 жылы жалпы себілген жер көлемі 1709 гектарды құраған.
Оның ішінде — дәнді-дақыл — 1442 га , майлы дақылдар -128, көп жылдық шөп -97 га, көкеніс -5 га, картоп -36 га жерге себілді. Ағымдағы жылы 1570 га жерге дәнді дақылдар себілген.
2020 жылдың 9 айында ірі қара барлығы — 2566 бас, оның ішінде сиыр – 1000 бас. Жылқы барлығы –1145 бас, оның ішінде бие 423 бас. Қой-ешкі барлығы – 8500 бас, оның ішінде саулығы – 3013 бас. Құстар барлығы — 5200 бас. Бал арасы ұясы — 685.
Округ бойынша 1- қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс жасауда.
2020 жылы «Асыл» мал тұқымын асылдандыру орталығымен 300 бас ірі қара малына келісім шарт жасалған.
Үшбұлақ ауылдық округінде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Безродных атындағы орта мектебі мен Үшбұлақ мәдениет үйінк күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күні пайдалануға берілді. Бас мердігер — «АСК Ауыл құрлыс» ЖШС.
Бұл жұмыстарға Үшбұлақ ауылынан 44 адам маусымдық жұмысқа тартылған. Қабанбай – Көктұма бағытындағы облыстық маңызы бар 47 шақырымға жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер — «Алакөл Жолдары» ЖШС, қосымша мердігер «Дара Жол» ЖШС. Сондай-ақ, округе Айпара — Тоқжайлау арасын жалғайтын 15 шақырымға асфальт құю жұмыстары жасалуда.
Талғар-ақпарат