Тоқжайлау ауылында 3 674 тонна арпа жиналған

Тоқжайлау ауылында 3 674 тонна арпа жиналған

«Жетісу адалдық алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты бүгін Тоқжайлау ауылдық округінің әкімі  Алмас Дюсембекұлымен өткізілді, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA».

Округ бойынша биыл 5025 алқап жер игерілген. Оның 883 алқап бидай, 3340 — арпа, 452 — көп жылдық шөп, 109 — картоп, 4 — көкөніс, 82 — қара пар. Бүгінгі таңда барлық жиын терін жұмыстар толығымен аяқталған.   Бидай алқабына 11 центнерден өнім беріп, барлығы 971 тонна өнім алынған.
   Арпа алқабына 11 центнерден өнім беріп барлығы 3674 тонна өнім жиналған. Округта мал басы барлық түрінен жылдан жылға тұрақты. Атап айтсақ: Ірі қара мал барлығы — 2894 бас.
      Қазіргі уақытта мал қыстату науқанына, қыс мерзіміне керекті жем-шөп жеке меншікте, шаруашылықтарда жеткілікті мөлшерде дайындалған.
Округ бойынша шөп — 7500 тонна, сүрлем — 1540 тонна, пішендеме — 2250 тонна, сабан — 100 тонна жиналған.
    Округта политехникалық колледж, орта мектеп пен бала бақша тұрақты  жұмыс істеуде.
       2020 жылы 9 айда округ бойынша 27 бала дүниеге келген.
   Ауылда орталықтандырылған бір ауыз су жүйесі жұмыс істейді.
Талғар-ақпарат