?Бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегіне байланысты өз ойымен бөлісті.
«Боксты бастан-аяқ көріп шықтым. Төрешілер қалай тең ойын көрсетті деп шешім шығарды, түсінбедім. Менің ойымша Гена жеңді. Төрешілер 3:0 есебімен Генаға беруі керек еді. Жекпе-жектің қызуы басылған жоқ. Уақытты созбай, Геннадийдің проуметорлары Халықаралық кәсіпқой бокс федерациясына жекпе-жектің қорытындысын қайта қарауды ұсынып, арыз жазулары керек. Төрешілер дұрыс шешім шығарған жоқ», — деп атап өтті Ермахан Ыбырайымов.