Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі есте қаларлық мәлімдеме жасады: Ресейде жаңғыртылатын энергия көздерін (ЖЭК) енгізу бағдарламасы әзірленуде
EuraziyaEnergy салалық ресурсы хабарлағандай, РФ Энергетика министрлігі ЖЭК енгізу федералды бюджеттің қаржысын үнемдеуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, Ресейдің қашық орналасқан және жетуге жолы қиын аудардарын энергетикалық қамтамасыз етуге жылына шамамен 2,6 миллиард доллар жұмсалады. Тасымалдаудың жоғары бағаларына байланысты электр энергиясын өндірудің өзіндік құны 1 кВТ-сағ үшін 1,5 доллардан асып түседі.
Егер де қашық орналасқан аудандарда ЖЭК салынатын болса, бұл қыруар ақшаны үнемдеуге көмектесіп, көлікті өзге маңызды міндеттерді орындауға бағыттауға және энергия түрлендірудің өзіндік құнын азайтуға мүмкінік берері анық.
«РусГидро» компаниясының Қиыр шығыс өңірінің балалмалы энергетикасына миллиард доллар салу жоспары осы мәлімдеге байланысты болар. Компания жетекшілігінің айтуынша, Камчатка, Сахалин және Якутия облысында жалпы қуаттылығы 300 МВт құрайтын күн электр станцияларының құрылысы көзделіп отыр.
Компания өкілдерінің сөзінше, жаңа нысандардың құрылысы алдын ала есептеліп, барлық энергетикалық қуаттылықтардың өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету үшін орталықтандырылған желілермен байланыста болады.
Айта кетерлік жайт, «Болашақ энергиясы» EXPO 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында ресейлік энергетиктердің шетелдік (соның ішінде қазақстандық) әріптестермен өткен кездесулері осы шешімнің қабылдануына түрткі болған.