Оқушыларға 1000 ноутбук берілді

Оқушыларға 1000 ноутбук берілді
Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» @saliqaly_urpaq қоғамдық қоры атынан 1000 ноутбук табысталды, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA».
Қашықтықтан оқушылардың бiлiм алуы үшін барлық ноутбуктер бейнекамералармен жабдықталған.
Әлемді жайлаған індетке байланысты жаңа оқу жылында ноутбуктер қашықтықтан оқитын оқушылар үшін көрсетілген көмек.
Берілген техника еліміздегі карантиндік ахуалдан кейін кері қайтарылмайды, оқушылардың өздерінде қалады.
Бiлiмдi ұрпақ — ел болашағы!
#saliqaly_urpaq

 

Талғар-ақпарат