ХКБ ЭКСПО-2017 ҚАТЫСУШЫ ЕЛДЕРІН МАРАПАТТАДЫ

ХКБ ЭКСПО-2017 ҚАТЫСУШЫ ЕЛДЕРІН МАРАПАТТАДЫ

Дәстүр бойынша, ХКБ ұйымдар, адамдар мен қатысушы елдердің павильондарын – ЭКСПО-2017 – ғаламат әрі бірегей шарасын жүзеге асыруға атсалысқандары үшін медальдармен марапаттады. Осылайша, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 Көрмесін өткізуге үлес қосқаны мен жемісті нәтижесі үшін «алтын медальмен» марапатталды.

Екінші «алтын медаль» ЭКСПО-2017 Халықаралық Қатысушыларына ұйымдасқан түрде міндеттерді орындағандары және осы шараның сәтті өтуіне қолдау көрсеткендері үшін табысталды.

Бірінші «ХКБ абырой медалімен» Көрменің барлық қатысушыларына үздіксіз көмек пен қолдау көрсеткені, компанияның барлық қызметкерлерінің қажырлы еңбегі және жоғары дәрежедегі кәсіпқойлықты танытқандары үшін «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ атынан Ахметжан Есімов марапатталды. Екінші «ХКБ абырой медалі» Астана қаласына ЭКСПО-2017 Көрмесін стратегиялық жоспар әрі күнделікті қала өмірімен біріктіре алғаны үшін табысталды.

Сонымен қатар ХКБ алғашқы сертификаты Көрменің ұйымдастырылуында ерекше орынға ие, іс-шараның тірегіне айналған әрі ынтымақтастық пен ниеттестік рухын асқақтағандары үшін ЭКСПО-2017 еріктілеріне берілді.
ХКБ екінші сертификаты Астанада өткен Көрменің құндылығы мен маңыздылығы жайында күллі әлемге жар салған қоғаммен байланыс қызметтеріне табысталды.

Сондай-ақ 9 сарапшыдан құралған халықаралық қазылар алқасы ЭКСПО-2017 қатысушы елдердің павильондары арасынан жеңімпаздарды таңдап алды. Марапаттар екі номинация бойынша табысталды: көрменің дизайны және Көрме тақырыбының ашылуы.

Бірлескен павильондар арасында Көрменің дизайны санатында қола Латын Америка Плазасына, күміс — Тынық мұхит Плазасына және алтын — Кариб қоғамдастығы Плазасына табысталды. Көрме тақырыбының ашылуы санатында қола Украинаға, күміс – Гана Республикасына, алтын — Тәжікстан Республикасына берілді.

Аумағы 400 шаршы метрден кем павильондардың арасында Көрменің дизайны санатында қола Латвия еліне, күміс – Словакия Республикасына, алтын — Польша Республикасына табысталды. Көрме тақырыбының ашылуынан үздің атанғандар: Финляндия, одан кейін Сингапур және Чехия Республикасы.

Аумағы 400 ш.м. мен 700 ш.м. аралығындағы павильондардың арасында Көрменің дизайны санатында қола Монако Князьдығына, күміс Әзірбайжанға, алтын Катарға табысталды. ЭКСПО-2017 Көрмесі тақырыбының ашылуы үшін алтын Швейцария Конфедерациясына, күміс – Венгрияға, қола – Үндістанға тиесілі.

Аумағы 700 ш.м. асатын павильондардың арасында Көрменің дизайны санатында қола – Корея Республикасына, күміс – Ұлыбританияға, алтын — Ресей Федерациясына табысталды. Көрме тақырыбының ашылуы санатында қола Францияға, күміс – Қытай Халық Республикасына, алтын – Германия Федеративті Республикасына берілді.

Сонымен бірге, ЭКСПО-2017 «Ғарыш» ХКБ Сыйлығы Лесото Ұлттық Университетіне табысталды. Айта кетсек, Халықаралық Көрмелер Бюросы және «ЭКСПО-90» Қоры әрі Астана ЭКСПО-2017 бірлесіп табыстаған «Ғарыш» сыйлығы биыл ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақ Энергиясы» тақырыбы аясында жұмыс істеп жүрген азаматтық және топтық бастамалардың коммерциялық емес жобалары үшін ашылған.

Марапаттау рәсімі 1851 жылы Лондонда өткен алғашқы Бүкіләлемдік Көрмеден бастап дәстүрге айналған рәсім. Марапаттаудың мақсаты Қатысушыларды «Болашақ Энергиясы» тақырыбындағы жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруға жігерлендіру және осы бағыттағы бірегей идеяларды әлем бойынша ілгерілету.