Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Сағындықұлы Жұмабаев Шонжы ауылына іс-сапармен келді. Ұйғыр ауданының әкімі Ш. Нұрахуновтың қатысуымен өткен кездесудің басты оқиғасы заманауи сервистік әкімдіктің тұсаукесері болды.
Аталған Сервистік әкімдік аудан азаматтары үшін қолайлы жағдай жасау арқылы жаңартылған форматта жүмысын бастады. Әкімдікте азаматтар білім, жер қатынастары, сәулет және аудан құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және басқада салалар бойынша қызметтерін және пайдалы кеңестер алатын болады. Сервистік әкімдік мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру мен азаматтарға қолайлы жағдай жасауға арналғандығымен құнды.
Яғни, бұл жерде атқарушы билік өкілдерінің жергілікті тұрғындармен бетпе-бет отырып жұмыс жасауына еш кедергі жоқ, қажетті қызметі бір ғимаратың ішіне тауып, ісін қиналмай-ақ бітіруіне қол жеткізді.
Әкімдіктің алдына қойған басты мақсаты — қол жетімділік, ашықтық, есептілік және тұтынушыға ең басты бағыт-бағдар көрсету бойынша қызмет атқару.
Департамент басшысының бірінші орынбасарының айтуынша, осындай сервистік әкімдіктердің ашылуы — мемлекеттік аппарат қызметінің және жалпы мемлекеттік қызметтік көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуда және трансформациялауда үлкен қадам.
Өздеріңізге мәлім болғандай, бұндай әкімдік облысымызда оныншы. Алдағы уақытта барлық аудан, қалаларда осындай әкімдіктердің ашылуы жоспарланған.
Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің)
Превенция және парасаттылық басқармасы