«Zhas Project» жобасы — бірегей жоба

«Zhas Project» жобасы — бірегей жоба

 «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен 2017 жылдан бері жүзеге асып келеді.   Жұмыссыз жас өз кәсібін бастап, бүгінде еңбегінің жемісін жеп отыр. «Zhas Project»-тің ең тиімді тұсы сол, әр жобаға миллион теңгеден қайтарымсыз қаражат  беріледі.

«Жастар корпусын дамыту жобасы 2017 жылы Қарағанды, Алматы, Түркістан және Павлодар облыстарынан басталған еді. 2018 жылы жоба Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылды. 2019 ж Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарын және Астана мен Алматы қалаларында іске асырылды. Ал, биыл, 2020 жылы Қарағанды және Алматы облыстарының жастарына үлкен мұмкіндік туды. Облыс бойынша 310  жоба қаржыландырылатын болады.

 Мақсатымыз – жастардың қоғамдағы орнын табуына көмектесу, белсенділігін арттыру, оларды пайдалы қызметтерге тарту арқылы жұмыссыз жастардың санын азайту. Гранттық бағдарламаға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысуда. Басымдық жұмыс істемейтін, оқу оқымайтын және жұмыс істейтін табысы төмен адамдарға беріледі. Бір әлеуметтік жобаны 3-5 адам бірігіп дайындауына болады. Үш кезеңнен тұратын іріктеуден сүрінбей өткендер 1 миллион теңгеге ие болады да, алты ай бойы өз жобаларын жүзеге асырады. Осы уақыт ішінде жоғары оқу орнын бітірген әр қатысушыға ай сайын 60 мың, басқаларына 40 мыңнан шәкіртақы төленеді. Жеңімпаздар 1 миллион теңгеге керекті құрал-жабдықтар сатып алады да, өз жобасы бойынша халыққа жарты жыл тегін қызмет көрсетеді. Алты айдан кейін қатысушылар құрал-жабдықтарды тегін өз иелігіне алып, кәсібін жалғастыра береді.

«Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасы бойынша Алматы облысынан 155 жоба, 500ден астам қатысушы, ал  Талғар ауданынан 12 жоба жеңімпаз атанды!

Талғар ауданы бойынша менторлар Кенесова Елена Борисовна мен Қалымбетова Замира Нұрланқызы. Талғар ауданы бойынша

«Детская танцевально-гимнастическая студия», «Мастерская по изготовлению деревянных развивающих изделий», «Вязальная мастерская», «АлиСан Текстиль», «Бірлік тәттілері», «Zhastar textile» тігін шеберханасы, «Интелектуалды үстел ойындары», «Дайана тәттілері» наубайханасы, «Saz alemi» өнер орталығы, «Қазыналы қарттарға қамқорлық», Парикмахерский салон «КОНДОР», «Джампинг фитнес» жобалары ұтып,  осы жылдың соңына дейін іске асырылады.

Замира  Қалымбетова 

жоба менторы