Жастар флэшмобы

Жастар флэшмобы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау

15 қыркүйек күні Талдықорған қаласы, «Жастар демалыс және мәдениет саябағында» Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты флешмобы өтті. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, оларды «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау, латын әліпбиіне көшуді қолдау мақсатында жастар арасында біркелкі қолшатырмен флешмоб өткізілді.

Шараға 8 оқу орындарынан 400 білімгер қатысты. Жастар ресурстық орталығының директоры , «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Жақсикельдинов Бахтияр Уалиханұлының  айтуынша, Талдықорған жастары бұл флешмоб арқылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдайтынын жеткізгісі келді.

200 білімгері «Рухани жаңғыру» логатипін келтірсе 150-ге жуық білімгер латын әліпбиімен «TALDYQORGHAN» сөзін келтірді. 30 білімгер еліміздің туын желбіретіп тұрды. Шара соңында «Рухани жаңғыру» тақырыбы аясында сұрақтар қойылып дұрыс жауаб берген білімгерлерге сыйлықтар табысталды.