Егер сіз қандайда жағдайларға байланысты бала асырап ала алмасаңыз, онда баланы патронаттық тәрбиелеуге алып көріңіз. Ал, біз баланы патронаттық тәрбиелеуге алу және оны асырап-бағуға ақшалай қаражат тағайындауды онлайн рәсімдеу жолын #oqy&toqy айдарында көрсетеміз.
?Egov.kz порталына кіріңіз;
?Порталдың қызметтер тізіміндегі «Отбасы» бөлімінен «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» қызметін табыңыз;
?Қызметті онлайн сұратыңыз;
?Бірінші қадамда сұратылған мәліметтерді толық толтырып шығыңыз;
☝️Егер сіз некеде болсаңыз, жұбайыңыздың ЖСН нөмірін көрсетуіңіз керек. Ал жұбайыңыз ЭЦҚ арқылы жеке кабинетінен он күн ішінде келісімін беруі шарт.
?Екінші қадамда сіздің және жұбайыңыздың денсаулық жағдайы және сіздің біліміңіз туралы ақпараттардың скан көшірмелерін порталға жүктеу арқылы көрсетіңіз;
?Сіз жайлы қылмыс жасау мәліметтердің жоқтығы мен жұбайыңыздың электронды келісімін алуға рұқсат беріңіз;
? Үшінші қадамда, жүйеден сұратылған мәліметтер порталға шыққанша жаңартыңыз. Мәліметтер 10 күнге дейін жаңартылуы мүмкін;
?Төртінші қадамда өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз;
?Қызметті онлайн сұратқанда сізге төмендегі құжаттардың скан көшірмелері немесе электрондық нұсқалары қажет болады:
?Қызметалушының, егер некеде тұрса оның; жұбайының да денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ наркологиялық және психатриялық диспансерлерде есепте тұрмағаны жөнінде анықтамалар;
?Қызметалушы некеде болса, онда оның жұбайының нотариус арқылы расталған келісімі;
?2008 жылға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігі;
?Өтініш беруші отбасының жеке меншігінде тұрғын үйі болмаса, тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттар;
?Өтініш берушінің білімі туралы мәліметтер;
?Баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.
?Қызметтің нәтижесін 10 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңізден біле аласыз.
《Азаматтарға арналған үкімет》 мемлекеттік корпорациясы》
КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы
Талғар аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі