Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда қандай мектептер қалыпты жағдайда жұмыс істей алатынын айтты,, — деп хабарлайды Талғар ақпарат , Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып .
«Білім беру ұйымдарын дайындау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл сайын оқушылардың 70 пайызы ЖРВИ-мен ауырады. Педагогтарға КВИ мен ЖРВИ жұқтыру қаупі бар. Алыс аумақтардағы шағын мектептерден басқа барлық мектепте 1-ден 11-сыныпқа дейін оқу жылын қашықтан бастауды ұсынамыз», — деді Аймағамбетов Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, мектептерде түрлі сыныптар үшін әртүрлі уақытта өзгерістер енгізу жоспарланып отыр, ал бір кабинетте көп болса 10-15 адам отырады.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оқу жылының бірінші тоқсанында орта білім беру ұйымдарының барлық сыныбы үшін қашықтан оқытуды қарастыруды ұсынған болатын.