Вирус жұқтырған 2 адам – Қапшағай қаласынан, 2-адам Қарасай, 1-адам Іле, 1-адам Ескелді, және 1-адам Талдықорған қаласынан анықталған, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Оның ішінде 1982, 1988 , 1946, 1965, 1991 жылғы әйел адамдар және 1969, 1951, жылғы ер адамдар дене қызуының 38,5С көрсеткішке дейін көтерілуіне, әлсіздікке, тамақ ауруына, құрғақ жөтелге шағымданған. Барлық науқастар эпидемиологиялық тестілеуден өтіп, ЖРВИ және пневмония диагнозымен жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.
Қазіргі уақытта науқастар оқшауланып, байланыста болған адамдар карантинге алынды.
Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.
16.06.2020 ж. жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 534 адам тіркелген, олардың ішінде 377-і жазылып шыққан.
Талғар-ақпарат