Алматы облысында 34 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Олар — Іле, Кеген, Панфилов, Қаратал, Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласының тұрғындары. Олардың ең кішісі – алты айлық сәби болса, ең үлкені — 71 жастағы зейнеткер. Пациенттер 15 мамырдан бастап Алматы облысындағы инфекциялық ауруханаларда ем қабылдаған. Денсаулықтарына қатысты шағымдары жоқ.
Сонымен бүгінгі күні облыста коронавирустан жазылып шыққандар саны 248-ге жетті.
Талғар-ақпарат