Бақытжан Бұқарбай Алматы облысындағы мектептерге 250 дана кітапты тарту етті

Бақытжан Бұқарбай Алматы облысындағы мектептерге 250 дана кітапты тарту етті

Саясаттанушы, публицист, баспагер Бақытжан Бұқарбай Алматы облысындағы ауылды жерлерге 250 дана кітапты тегін таратты, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA».

Ауылды аймақтарға берілген «Күміс кітап» кітабы былтыр бестселлерге айналған.

«Жастарымыздың мықты оқырманға айналып, жылына жүз кітап оқығанын қалаймын»,- дейді автор.

Бақытжан Бұқарбай «Күміс кітап», «Күнкөрістен кет, байлыққа жет!», «Prezident» кітаптарының авторы. Баспагер жастар арасында кітап оқуды насихаттаумен белсенді айналысуда. Былтыр бұл мақсатта 150 кітап орта білім ордаларына тегін таратылған болатын. Бақытжан Бұқарбайдың қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік жолындағы осы бастамасы бұдан әрі де жалғасын таппақ.

 

Талғар-ақпарат