Алматы облысында 15 адамның коронавирус жұқтырған дерегі тіркелді

Алматы облысында 15 адамның коронавирус жұқтырған дерегі тіркелді

Вирус жұқтырғандардың 5 жағдайы Талдықорған және 5 жағдайы Қапшағай қалаларында орын алса, 1 жағдайдан Ақсу, Талғар, Қарасай, Панфилов және Ескелді аудандарында тіркелген, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Барлық 15 науқастың ауру белгілері белсенді түрде анықталды, 1964, 1973, 1975, 1989, 1962, 1987, 1996, 2015, 1994 жылдары туған азаматтардың вирус жұқтырғаны профилактикалық тексерілуден өту барысында анықталса, 1962, 2012, 1990, 1968, 1959, 1964 ж.т. 6 науқас бұрын коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған.

Барлық науқастар оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасып жатыр.

1 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысында инфекция жұқтырғандар саны 376 адамға жетті.

 

Талғар-ақпарат