29 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Ақмола облысының әкімдігімен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесе ұйымдастырған, «Н.Ә.Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдылықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA».
Конференцияның негізгі бағыттары:
— Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық бастамалары;
— Қазақстан және мега аймақтық қауіпсіздік: қауіп-қатерлер мен тәуекелдер;
— Ядролық қарусыз әлемге жол: Елбасы бастамалары;
— «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр»: жаһандық ынтымақтастық жаңа дәуірінің манифесі;
— Қазақстанның бітімгершілік миссиясы.
Іс-шараны конференция модераторы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов ашты.
Сонымен қатар, конференция жұмысына Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Селим Хазбиевич, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев, экономика ғылымдарының кандидаты Марат Сырлыбаев, саяси ғылымдар докторы, профессор Төлеутай Сүлейменов, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Зарема Шәукенова, экономика және менеджмент жөніндегі қолданбалы ғылымдар Швейцарлық мектебінің ректоры Доминик А.Г. Джордан, Jamestown Foundation саяси ғылымдар докторы, профессор Теодор Карасик, «Русская мечта» зерттеу талдамалық орталығының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Инна Ветренко, экономика ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Башмаков, PhD докторы, Эгей университеті түрік әлемін зерттеу институтының профессоры Экижи Метин, Лешнодағы Ян Амос Коменский атындағы қолданбалы ғылымдар университетінің ректоры, профессор Мачей Петшак, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Белла Газдиева, Ресей ғылым академиясы Қиыр Шығыс институтының профессоры, саяси ғылымдар докторы Владимир Петровский, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының кеңесшісі, саясаттану кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD) Индира Рыстина.
«Н.Ә.Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдылықтар» атты онлайн-конференциясының баяндамалары жеке басылым болып шыққанын атап өткіміз келеді. Сондай-ақ, жинаққа онлайн-конференция қатысушыларының 40-тан аса мақалалары енді. Барлық баяндамалар мен мақалалар көпшілік оқырмандардың қызығушылығын тудырары сөзсіз және тәжірибеде қолдануға болады.
Талғар-ақпарат