Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді

Вирус жұқтырудың 2 жағдайы Талдықорған қаласында және Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген, 1 жағдай Талғар ауданында, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Барлық 5 науқас белсенді түрде анықталды, 3 науқас 1961, 1978, 2009 ж.т. бұрын коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған, 2 науқас 1964, 1970 ж.т. профилактикалық мақсатпен тексерілді.

Барлық науқастар бұрын оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.
Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.

26.05.2020 ж. жағдай бойынша Алматы облысында инфекция жұқтырған 305 адам тіркелген.

 

Талғар-ақпарат