Вирус жұқтырудың 7 жағдайы Талғар ауданында тіркелді, 4 жағдай Талдықорған қаласында, 1 жағдай Еңбекшіқазақ ауданында, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Барлық 12 науқас белсенді түрде анықталды, 11 бұрын коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған, 1 профилактикалық мақсатпен тексерілді.
Барлық науқастар бұрын оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.
Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.
25.05.2020 ж. жағдай бойынша Алматы облысында инфекци жұқтырған 300 адам тіркелген.
Талғар-ақпарат