Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың тағы 7 жағдайы тіркелді

Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың тағы 7 жағдайы тіркелді

Алматы облысында коронавирустың 7 жағдайы тіркелді. Оның 3-еуі Талдықорған қаласында, 2-еуі Кеген ауданында, Қапшағай қаласы мен Талғар ауданында бір-бірден анықталды,- деп хабарлайды Алматы облысының баспасөз қызметі.

5 пациенттің сырқат жұқтығаны профилактикалық тексеру барысында белсенді анықталған, 2-еуінің ауыруы медициналық мекемеге өз бетінше жүгінуі барысында бегілі болды. Науқастардың барлығы жұқпалы аурулар бөлімдеріне жатқызылды. Олармен 91 адамның байланыс жасағаны нақтыланды. Олардың барлығы бақылауға алынып, эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде.

Сонымен Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 219 адам тіркелді.

 

Талғар-ақпарат