Алматы облысында тағы 3 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырды

Алматы облысында тағы  3 адам  COVID-19 инфекциясын жұқтырды

Алматы облысында коронавирус ауруының 3 жағдайы тіркелді, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сырқаттардың 3-еуі де Талдықорған қаласында анықталған. 1973, 1994, 2020 жылы туған 3 прациент те бұрын ауырған дармен қарым-қатынаста болған. ПЦР-талдауының нәтижесі олардың КВИ жұқтырғанын растады. 3 пациент те Талдықорған қаласындағы әскери госпитальдің инфекциялық бөліміне ауыстырылды.

Олармен 12 адамның байланыста болғаны белгілі болды, олар оқшау орналастырылып, КВИ зертханалық тексерулерінен өтуде, эпидемиологиялық зерттеулер жалғасып жатыр.
Жалпы Алматы облысында COVID-19 инфекциясының 212 жағдайы тіркелген.

 

Талғар-ақпарат