Алматы облысында тағы 6 адам коронавирустан жазылды

Алматы облысында тағы 6 адам коронавирустан жазылды

Алматы облысында КВИ-ден жазылғандар қатарына тағы 6 адам қосылды. Бұлар Кеген және Еңбекшіқазақ аудандарының тұрғындары, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

1957, 1971, 1979, 1981, 1985 және 2018 жылы туған пациенттер 1 мамырдан бері Еңбекшіқазақ аданаралық көп салалы ауруханасында ем қабылдаған. Қазір барлығы сырқаттарынан сауықты, денсаулықтары жақсы.

Осылайша Алматы облысында коронавирустан жазылғандар саны 132 адамға жетті.

 

Талғар-ақпарат