Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 5 жағдайы тіркелді, атап айтқанда 3-еуі – Кеген, 2-еуі – Талғар аудандарынан, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, 1960, 1965, 1971, 1977, 2008 жылы туған 5 пациент те белсенді анықталған, оның 4-еуі бұрын ауырғандармен байланыста болған, 1-еуі профилактикалық тексерілу барысында белгілі болды.
ПЦР-талдауы кезінде пациенттердің COVID-19 диагнозы расталды. Науқастар сырқаттары расталғанға дейін оқшауландырылған болатын, қазіргі кезде Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне ауыстырылды.
Олармен 4 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталып, КВИ-ге зертханалық тексеру үшін оқшауландырылды. Эпидемиологиялық зерттеулер жалғасады.
16 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 206 болды.
Талғар-ақпарат