Алматы облысында коронавирустан тағы 15 адам жазылды

Алматы облысында коронавирустан тағы 15 адам жазылды

Бүгін Алматы облысында 15 адам коронавирустан жазылып шықты. Олар Қарасай, Іле, Кеген аудандары мен Қапшағай қаласының тұрғындары. Олардың арасында бір жасар 2 сәби бар, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

1958, 1959, 1961, 1962, 1963, 1964, 1968, 1977, 1982, 1983, 1988, 1991, 1997 жылғы азаматтар мен 2019 жылы туған 2 бала Шелек аудандық ауруханасы мен Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында 30 сәуірден бастап тиісті ем қабылдады. Қазір барлығының жағдайы жақсы, денсаулықтарына шағымдары жоқ.

Сөйтіп, Алматы облысында коронавирус індетінен айыққандар саны 126-ға жетті.

 

Талғар-ақпарат