Бүгін Талдықорған қаласының мемлекеттік бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес коронавирус анықталған үйлер карантинге алынды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Індет ошағы ретінде Достық шағын ауданындағы 25-үй, Қабылиса жырау көшесі, 211 Е үйдің 4-ші подъезі және Сланов көшесі, 76-үйдің тізімі берілді. Аталған мекенжайлар 16 мамырдан 29 мамырға дейін карантинде болады, олардың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Еске салсақ, Алматы облысында коронавируспен ауырған 201 адам тіркелген, соның 7-еуі – Талдықорған қаласында анықталған.
Талғар-ақпарат