Өңірде бүгін коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам анықталды

Өңірде бүгін коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам анықталды

Бүгін коронавируспен ауырған 1 адам Алматы облысы, Панфилов ауданында тіркелді, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Науқаста инфекция бар екені жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуі кезінде анықталған. Қоңырөлең ауылдық ауруханасына қаралу кезінде ол жөтел мен демігу мазалайтынын айтып шағымданған. COVID-19 инфекциясына жасалған экспресс-тестілеу барысында пациенттің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Науқас Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.

Онымен 33 адам қарым-қатынаста болған, барлығы қазір оқшауландырылып, карантинге алынды.  Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

Сөйтіп, Алматы облысында COVID-19 инфекциясының 191 жағдайы анықталды.

 

Талғар-ақпарат