Талдықорған қаласында «Латын қарпіне көшу — бұл қазіргі заманғы таңдау» тақырыбында кездесу өтті. Оған мәслихат депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынның мақсаты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғындар арасында латын қарпіне көшу қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және латын қарпіне көшу бойынша өзекті мәселелерді талқылау.
«Ұлтымыздың басынан үш алфавит жүйесін өткергендігін білеміз. Латын әліпбиіне көшу туралы ой-пікірлер 1926-1929 жылдардан бастау алғаны баршамызға белгілі. Жалпы Елбасымыздың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын. Себебі, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық — тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. Сонымен қатар қарапайым тілмен айтсақ, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз. Қазіргі таңда ғаламның 70 % латын әліпбиіне көшкен. Латын қарпіне көшсек бізді бүкіл әлем оқитын болады», — Талдықорған қаласының Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Қаламқас Есенқұлқызы.
Жиын соңы пікір-талас, сұрақ-жауап форматымен аяқталды және латын тілі бірнеше параметрлер бойынша оңтайлы болып табылатыны сөз етілді.