Алматы облысында коронавирустан 14 адам айығып шықты

Алматы облысында коронавирустан 14 адам айығып шықты

Алматы облысында COVID-19 инфекциясынан 14 адам жазылып шықты. Олардың 2-еуі – Кербұлақ, 1-еуі – Іле, 1-еуі – Талғар, 10-ы – Еңбекшіқазақ аудандарының тұрғындары, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жазылып шыққандардың үлкені — 72 жаста, кішісі — 7 жаста. Олардың қазіргі жағдайы жақсы.
Сонымен Алматы облысында коронавирус індетінен айыққандар саны 63-ке жетті.

 

Талғар-ақпарат