Бүгін Алматы облысында 5 адам коронавирустан жазылып шықты

Бүгін Алматы облысында 5 адам коронавирустан жазылып шықты

7 сәуір күні Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданарлық көпсалалы ауруханадан және Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөлімдерінен 5 пациент айығып шықты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қфзметі.

2006 жылы туған Шелек ауылының тұрғыны мен 1991 жылы туған Кербұлақ ауданының тұрғыны Есіктегі ауруханаға ауруханаға 19 сәуір күні түскен болатын. Сонымен қатар 1967, 1975, 1999 жылы туған Іле ауданының тұрғындары Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында 21 сәуірден бері ем алған. Олардың барлығынан 5 мамыр күні қайта талдау алынып, оның нәтижесі теріс болып шықты.
Сөйтіп, Алматы облысында коронавирустан сауыққандар саны 45-ке жетті.

 

Талғар-ақпарат