Бүгін Алматы облысы, Іле ауданының 3 тұрғыны COVID-19 инфекциясымен ауырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
1993, 2000, 2001 жылы туған бұл азаматтардың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Олар Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды.
Науқастармен 8 адам қарым-қатынаста болған. Олар да қазір медициналық бақылауға алынды.
Талғар-ақпарат