Бүгін Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханадан 2 адам коронавирустан емделіп шықты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
1985 және 1975 жылы туған азаматтар — Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылының тұрғындары. Олар аталған ауруханада 17 сәуірден бастап тиісті ем қабылдады. 4 мамырда қайталай тапсырған тест қорытындылары теріс нәтиже көрсетті.
Сөйтіп, Алматы облысында COVID-19 инфекциясынан айыққандар саны 30-ға жетті.
Талғар-ақпарат