Іле ауданында коронавирустың 6 жағдайы тіркелді

Іле ауданында коронавирустың 6 жағдайы тіркелді

Алматы облысы Іле ауданында 6 тұрғын COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Олардың барлығы да бұған дейін сырқаттанған науқаспен байланыста болғандар. Олар — 1992, 1983, 1984, 1985, 1984, 1975 жылы туған азаматтар. Олармен 42 адам қарым-қатынаста болған. Олар оқшауландырылып, індет ошақтарына дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологичялық зерттеулер жалғасуда.

6 науқас Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.
Жалпы Алматы облысында індет жұқтырғандар саны — 156-ға, ал жазылып шыққандар саны – 30-ға жетті.

 

Талғар-ақпарат