Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ТалғарАқпарат.
«Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын», — делінген Ақорданың ресми сайтында.
Аида Ғалымқызы Балаева 1974 жылы туған.
2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.
2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.
2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.
2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.
2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.
2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.
2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.
2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2019 жылғы 22 шілдеде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен (2010), 2 медальмен марапатталған.
Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.
Талғар-ақпарат