Алматы облысында коронавирустың 145-ші жағдайы тіркелді

Алматы облысында коронавирустың 145-ші жағдайы тіркелді

Қапшағай қаласы Заречный кентінің 1962 жылы туған тұрғыны індет жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.

Ол Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Жұмыста науқаспен байланыста болған 100 адам тексеріліп, барлығының вирусологиялық тексеруі теріс нəтиже көрсетті.

Сөйтіп, Алматы облысында коронавируспен ауырғандар 145 адам болды.

Талғар-ақпарат